KTZ Express қазақстандық экспортты жылжыту туралы меморандумға қол қойды
03-04-2024
"KTZ Express" АҚ және отандық экспортты ілгерілету жөніндегі оператор - "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қазақстандық шикізаттық емес экспортты ілгерілету үшін күш-жігерді біріктіруді көздейді.
Бұл ынтымақтастық оңтайлы жеткізу маршруттарын ұсынуды және көлік шығындарын барынша азайтуды ескере отырып, қазақстандық тауарларды өткізудің шетелдік нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар экспорттық логистикалық мультимодальды сервистерді құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ тасымалдау процесін оңтайландыру үшін ақпараттық базаларды интеграциялау мәселелерін пысықтайтын болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі