Кәсіби мереке қарсаңында 2,5 мыңнан астам теміржолшы марапатталды

Жаңалықтар

Кәсіби мереке қарсаңында  2,5 мыңнан астам теміржолшы марапатталды




02-08-2024

Тамыздың бірінші жексенбісінде 100 мыңнан астам теміржолшы өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Көлік қызметкерлері күні қарсаңында 2,5 мыңнан астам саланың лайықты өкілдері марапатталды.

Мереке күні ҚТЖ басшылығы теміржолшыларға кәсібилігі, өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдіріп, олардың ішіндегі ең үздіктеріне салалық наградалар табыс етті.

Саланың ең жоғары наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісін 100 астам теміржолшы иемденді. «Адал еңбегі үшін» белгісі 200 қызметкерге табысталды. Бұдан басқа 280 астам теміржолшыға «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік маман» салалық атақтары берілді. Сондай-ақ теміржолшылар Көлік министрінің, Самұрық-Қазына басқарма төрағасының, ҚТЖ басшылығының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Тағы 6 мың теміржолшы 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мерейтойлық медальдар алады. 2024 жылы болат магистралінің 10 мың қызметкері марапатталады. 

Биыл ҚТЖ басшылығымен жаңа салалық наградалар тағайындалды. Олар саланың тұрақты жұмысын дамытуға және қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, іске берілгендігі және көп жылдық еңбегі үшін беріледі. 2024 және 2025 жылдардың қорытындысы бойынша 90 мыңға жуық теміржолшы көтермеленетін болады. 

Мереке күндері салтанатты іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Барлық мерекелік іс-шаралар компания қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылды. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі