Контейнерлерді екі қабаттап тиеу арқылы жүктерді алғашқы эксперименттік жөнелту болып өтті

Жаңалықтар

Контейнерлерді екі қабаттап тиеу арқылы жүктерді алғашқы эксперименттік жөнелту болып өтті




16-10-2024

"KTZE - Khorgos Gateway" Құрғақ портында "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) ұйымдастырған Алтынкөл – Жетіген – Алтынкөл бағыты бойынша контейнерлерді екі қабаттап тиеу арқылы жүктерді алғашқы эксперименттік жөнелту өтті. 

Бұл технологияның басты артықшылығы - өткізу қабілеті мен ұтқырлығын көтеру арқылы тасымалдау тиімділігін арттыру. Контейнерлерді екі қабаттап тиеу бір рейсте көбірек жүк тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл логистикалық шығындарды азайтуға және жеткізуді жеделдетуге көмектеседі. 

Жоба "KTZE-Khorgos Gateway" Құрғақ портының, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС және контейнерлерді екі қабаттап жүктеуге бейімделген жаңа үлгідегі вагондарды ұсынған "ЗИКСТО" АҚ қатысуымен "KTZ Express" АҚ сәтті жүзеге асырды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі