15.12.2023
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяз салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақытымен сағат 13.00-дегі жағдай бойынша ауа райы жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің кешігуі және өзгеруі туралы хабарлайды.
Барлық пойыздарда ыстық тамақ және жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде.
Қиын учаске бойынша қозғалыс қалпына келтірілді, пойыздар кеш жүруде, бұл ретте жолаушылар пойыздарының келу станциясына дейін кешігуі сақталады:
- №72 Шымкент-Нұр-Сұлтан пойызы 6 сағат 41 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Нұр-Сұлтан станциясынан пойыз кестеге сәйкес сағат 20.40-та жөнелтіледі;
- №3 Алматы – Нұр-Сұлтан пойызы 14 сағат 33 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Нұр-Сұлтан станциясынан пойыз 3 сағатқа кешігіп кетеді;
- №27 Алматы – Орал пойызы 7 сағат 18 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Орал станциясынан пойызы 3 сағатқа кеш жолға шығады;
- №9 Алматы – Нұр-Сұлтан-1 пойызы 16 сағатқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Нұр-Сұлтан станциясынан пойыз 4 сағатқа кеш кетеді;
- №86 Шымкент-Нұр-Сұлтан пойызы 6 сағат 02 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Нұр-Сұлтан станциясынан пойыз кестеге сәйкес сағат 20.00-де жөнелтіледі;
- №1 Алматы – Ташкент пойызы 16 сағат 30 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Ташкент станциясынан пойыз 11 сағатқа кеш кетеді;
- №11 Алматы – Шымкент пойызы 15 сағат 13 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Шымкент станциясынан №86 пойызбен жөнелтіледі;
- №25 Алматы – Шымкент пойызы 12 сағатқа кешіктіріліп, кері бағытта 15.12.23 ж. Шымкент станциясынан №72 пойызбен жөнелтіледі;
- №12 Шымкент – Алматы пойызы 10 сағат 02 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
- №26 Шымкент -Алматы пойызы 8 сағат 48 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз кеш жөнелтіледі;
- №4 Нұр-Сұлтан – Алматы пойызы 4 сағат 36 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз 3 сағатқа кешігіп кетеді;
- №10 Астана – Алматы пойызы 5 сағат 04 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз 3 сағатқа кешігіп шығады;
- №28 Орал – Алматы пойызы 1 сағат 53 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23ж. Алматы 2 станциясынан пойыз 1 сағат 21 минутқа кешігеді;
- №71 Нұр-Сұлтан – Шымкент пойызы 2 сағат 15 минутқа кешіктіріледі;
- №85 Нұр-Сұлтан – Шымкент пойызы 5 сағат 17 минутқа кешіктіріледі;
- №22 Қызылорда – Семей пойызы 07 сағат 45 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Семей станциясынан пойыз 4 сағатқа кеш кетеді;
- №21 Семей – Қызылорда пойызы 17 сағатқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Қызылорда станциясынан пойыз 7 сағатқа кеш кетеді;
- №43 Алматы – Қостанай пойызы 11 сағат 30 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Қостанай станциясынан пойыз кестеге сәйкес сағат 20.32-де жөнелтіледі;
- №77 Алматы – Маңғыстау пойызы 5 сағат 21 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Маңғыстау станциясынан пойыз кеш кетеді;
- №29 Алматы – Атырау пойызы 15 сағат 19 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Атырау станциясынан пойыз 5 сағатқа кеш кетеді;
- №7 Алматы – Саратов пойыз 12 сағатқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Саратов станциясынан пойыз 1 сағатқа кеш кетеді;
- №33 Алматы – Ақтөбе пойызы 11 сағат 39 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Ақтөбе станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
- №88 Сарыағаш – Алматы пойызы 8 сағат 40 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
- №44 Қостанай – Алматы пойызы 5 сағат 56 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 15.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
- №22 Қызылорда – Семей пойызы 4 сағатқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Семей станциясынан пойыз 2 сағатқа кеш кетеді;
- №78 Маңғыстау – Алматы пойызы 3 сағат 7 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Алматы станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
- №386 Бішкек – Новосибирск пойызы 2 сағат 36 минутқа кешіктіріледі;
- №15 Алматы – Петропавл пойызы 1 сағат 56 минутқа кешіктіріледі;
- №24 Ақтөбе – Алматы пойызы 26 минутқа кешіктіріледі;
- №506 Жезқазған – Алматы пойызы 12 сағатқа кешіктіріліп, құрамы №88 пойызбен біріктірілді;
- №509 Алматы – Орал пойызы 12 сағат 40 минутқа кешіктіріледі;
- №511 Алматы – Атырау пойызы 9 сағат 14 минутқа кешіктіріледі.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында №51/52 Алматы 2 – Орал және №41/42 Алматы 2 – Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздар кестесі өзгертілді. №41/42 Алматы 2-Атырау және кері Тальго пойызына билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2 – Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері қарай Тальго пойызына билеттер сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 – Орал стандартты пойызымен жүреді.
Темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар қызметтердің қатысуымен жедел штаб құрылды.
Жолаушылар «1433» тегін нөмірі немесе «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі