ҚХР-ға теміржол көлігімен астық тасымалдау 4 есе өсті

Жаңалықтар

ҚХР-ға теміржол көлігімен астық тасымалдау 4 есе өсті




29-08-2023

ҚХР-ға теміржол көлігімен астық тасымалдау 4 есе өсті, - деп хабарлайды ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстаннан Қытайға астық тасымалдау 2021-2022 жылдардағы егін тиеудің ұқсас көрсеткішінен 4 есеге — 1,1 млн тоннаға дейін өсті.  Астықтың жалпы көлемінің 78% (844 мың тонна) контейнерлерде тасымалданды.

ҚХР-ға тартылған астық өнімдерін тиеу 3 есеге — 344 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл көлемнің барлығы да контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы астық тиеу 200 есеге, тартылған астық өнімдері 6,5 есеге өсті.

Қытай тарапы Алашаңқай станциясындағы контейнерлік терминалдың жаңартылуы туралы хабардар етіп, астық тасығыштар мен жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдау көлемін уақытша ұлғайтуды және Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды сұрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі