20-11-2023
Ағымдағы жылдың 10 айында Достық пен Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы ҚХР-ға астық тиеу шамамен 1,5 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш 2021-2022 жылдардағы астық тасымалдаумен салыстырғанда 4 есеге немесе 1 млн тоннаға өсті. Бұл ретте жалпы көлемнен астықтың 70% контейнерлерде тасымалданды. Достық станциясы арқылы астықты тиеу үш есеге жуық өсіп, 1 млн тоннадан асса, Алтынкөл станциясы арқылы – 11 есеге, яғни 396 мың тоннаға жетті. Қаңтар-қазан айларында 320 тоннадан астам ұнтақ өнімдері тиелсе, тасымалдаудың өткен маусымына қарай екі есе немесе 142 мың тоннаға өсті. Тасымалдау негізінен контейнерлерде жүзеге асырылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі