Fitch ҚТЖ-ның" Тұрақты " рейтингін растады
12-12-2024
Fitch Ratings халықаралық агенттігі "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның кредиттік рейтингін "BBB -" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты".
Рейтингті растау ұлттық компанияның тұрақты жұмысы мен тиімді операциялық қызметін көрсетеді. Жоғары кірісті транзиттік тасымалдарды ұлғайту, тарифтерді өсіру және операциялық шығыстарды оңтайландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар есебінен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы пайдасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1 млрд теңгеге (немесе 11,1% - ға) өсті.
Компанияның қаржылық тұрақтылығы "ҚТЖ "ҰК" АҚ кредиттік қаражаттар мен кепілдіктерді ұсынатын халықаралық қаржы институттары тарапынан сенімді нығайтады.
Fitch пікірінше, ҚТЖ елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ете отырып, мемлекеттік даму бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі