Еуропадағы жетекші интермодальды тасымалдау операторымен меморандум жасалды

Жаңалықтар

Еуропадағы жетекші интермодальды тасымалдау операторымен меморандум жасалды




15-10-2024

"KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымы) Еуропадағы интермодальдық тасымалдардың жетекші операторы - австриялық Bahnoperator Austria GmbH компаниясымен меморандумға қол қойды. 

Құжат шеңберінде тараптар Констанца (Румыния) портындағы терминалдық инфрақұрылымды жаңғырту туралы, сондай – ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша көлік қызметін жақсарту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі