Елордалық оқушыларға ҚТЖ орталық мұражайы мен Тасымалдауды басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды

Жаңалықтар

Елордалық оқушыларға ҚТЖ орталық мұражайы мен Тасымалдауды басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды




26.09.2024 

Елордалық оқушыларға ҚТЖ орталық мұражайы мен Тасымалдауды басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды

Елордалық оқушылар ҚТЖ ғимаратында орналасқан Теміржол көлігі тарихының орталық мұражайына және Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығына (ТБАО) экскурсия жасады.

Мұражайда бірегей экспонаттар көрсетіліп, теміржол тарихын білулеріне арналған ойын өткізілді.  Әрбір жас қонаққа теміржол саласына қызығушылық танытқаны үшін Алғыс хат және түрлі-түсті қарындаштар мен боялатын беттер табысталды.

ТБАО-да балаларға диспетчердің кәсібі және оның тасымалдау процесіндегі рөлі туралы айтып берді. Орталықта 85 маман жұмыс істейді. Олар тәулік бойы жүк және жолаушылар құрамының қозғалысын басқарады, үздіксіз тасымалдау үшін жауап береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі