Достық және Алтынкөл шекарамаңы станцияларының жұмысы туралы ақпарат

Жаңалықтар

Достық және Алтынкөл шекарамаңы станцияларының жұмысы туралы ақпарат




11-02-2025

ҚХР бағытында экспорттық және импорттық тасымалдарды ұлғайту үшін ҚТЖ Алтынкөл станциясынан Достық станциясына дейін, сондай-ақ кері бағытта тиелген және бос вагондарды тасымалдауға шектеулерді ұзартты. 

Өткен жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл шара жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға, учаскелердің өткізу қабілетін арттыруға және Достық пен Алтынкөл шекаралық станцияларының жұмысын жақсартуға бағытталған. Ол сондай-ақ вагондар мен контейнерлердің қарсы бағытта бос жүруін болдырмайды. 

Күн сайын Достық және Алтынкөл станцияларына ҚХР-ға жөнелтілетін жүк вагондары келіп түседі. Түсірілгеннен кейін оларды Қытайдан импорттық жүктерді тиеу үшін пайдалануға болады. 

Наурыз айынан бастап шектеулер 2025 жылдың соңына дейін ұзартылады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі