“Доңғалақ-рельс” лубрикациясы - қозғалыс қауіпсіздігінің факторы

Жаңалықтар

“Доңғалақ-рельс” лубрикациясы - қозғалыс қауіпсіздігінің факторы




10-02-2025

“ҚТЖ” ҰК” АҚ-да доңғалақтың рельстермен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2025-2030 жылдар кезеңіне “доңғалақ-рельс” байланыс аймағын лубрикациялау технологиясын жетілдіруге бағытталған тұжырымдама әзірленді. 

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты - лубрикация технологиясын қолданудың тиімділігін арттыру. 

- Бүгінгі таңда "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистралінде радиусы 1200 м дейінгі 2600 км астам қисықтар пайдаланылуда. Соңғы үш жылда тозған рельстерді ауыстыру 300 км асты, бұл тозудың айтарлықтай деңгейін көрсетеді, - деп атап өтті ҚТЖ техникалық орталығының ақпараттық-талдау бөлімінің бас менеджері Аслан Маратов. 

Жаңа тұжырымдама бірден бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі - "доңғалақ-рельс" байланыс аймағының лубрикациялау технологиясын басқару және мониторинг жүйесін қалыптастыру мен дамытудан бастап лубрикация технологиясының тиімділігін арттыруға дейін.

Модификаторлар мен үйкеліс активаторлары, сондай-ақ рельсті сырғанау бетін өңдеудің кешенді әдістері сияқты инновациялық шешімдерді енгізу лубрикация сапасын жақсартуға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл шешімдерді енгізу көлік қызметтерінің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда Қазақстан көлік жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі