Дарбаза – Мақтаарал учаскесінде топогеодезиялық және археологиялық жұмыстар аяқталды

Жаңалықтар

Дарбаза – Мақтаарал учаскесінде топогеодезиялық және археологиялық жұмыстар аяқталды




05-03-2024

Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі құрылысының жобасы жоспар бойынша жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жобалаушы Дарбаза – Мақтаарал учаскесіндегі қайта бағыттауды ескере отырып, топогеодезиялық, гидрологиялық және археологиялық жұмыстарды аяқтады.

2024 жылғы 23 ақпанда Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы темір жолдарын салу үшін жерді резервке қоюға қаулы берді.

Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудан әкімдіктерінен Дарбаза – Мақтаарал учаскесінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы қаулы алынды.

- Теміржол құрылысы бірнеше кезеңнен тұратын өте күрделі және ауқымды процесс. Алдымен дайындық жұмыстары, геодезиялық, геологиялық ізденістер, жер бөлу рәсімдері және тағы басқалар жүргізілуде, - деп атап өтті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалының бас инженері Нұржан Есбатыр.

Сарыағаш станциясы мен Ташкент торабын айналып өтетін желіні салу жөніндегі жобаны іске асыру осы бағыттың өткізу қабілетін ұлғайтып, магистральдық көлік, сондай-ақ кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттырады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі