Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Биылғы жылдың 4 айында теміржол көлігімен 81 млн тоннадан астам жүк тасымалданды




17-05-2024

2024 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүктерді тасымалдау 81,5 млн тоннаны құрады.  Экспортқа 27 млн тоннасы жөнелтілді. Ел ішінде тасымалдау 3,7%-ға, 54,4 млн тоннаға дейін өсті. 

4 айда 33,6 млн тонна тас көмір тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға жеткізілгені  – 25,5 млн тонна. Экспортқа 8,1 млн тонна қатты отын жөнелтілді. Темір жол көлігімен 3 млн тоннадан астам астық тасымалданды, оның 2,3 млн тоннасы экспортқа бағытталды. 

2024 жылғы қаңтар-сәуірде мұнай жүктерін тасымалдау 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 1,6%-ға, 6,2 млн тоннаға дейін, қара металдар 6,4%-ға, 1,4 млн тоннаға дейін, темір рудасы мен марганец 11%-ға, 6,8 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын 15,7%-ға, 7,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. 

Сондай-ақ, мұнай жүктерінің экспорты 15%-ға, 1,9 млн тоннаға дейін, қара металдар 4%-ға немесе 1 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштар 59%-ға, 460 мың тоннаға дейін, темір кені мен марганец 10,9%-ға, 3,7 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктері 22,8%-ға, 119 мың тоннаға дейін өсті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі