“Бірыңғай цифрлық терезе” жүйесін енгізу бойынша онлайн-сауалнама іске қосылды

Жаңалықтар

“Бірыңғай цифрлық терезе” жүйесін енгізу бойынша онлайн-сауалнама іске қосылды




29-07-2024

KTZ Express (ҚТЖ еншілес компаниясы) “Бірыңғай цифрлық терезе” жүйесін енгізу бойынша онлайн-сауалнаманы іске қосты. Анонимді сауалнама БЦТ порталына қатысты қызмет клиенттерінің пікірін анықтауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

БЦТ порталының негізгі мақсаты клиентке бағдарлануды, жүк тасымалдарын басқарудың тиімділігін және логистикалық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. 

БЦТ порталы коммерциялық ұсыныстарды алу, шарттарды басқару, әлеуметтік желілер мен Call-орталық арқылы сұраныстарды жіберу, өзара есеп айырысу және онлайн төлем, операциялар бойынша талдамалық деректерге қол жеткізу, қызметтерге өтінімдерді ресімдеу, жүктердің орналасқан жерін қадағалау, қанағаттанушылықты бағалау және API арқылы серіктестерді қосу сияқты қызметтердің кең спектрін және әртүрлі онлайн функцияларды ұсынатын болады. БЦТ порталының сынақ режимінде іске қосылуының алдын ала күні 2024 жылғы 1 тамыз. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі