Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жаңа серпіні




16-05-2024

2024 жылғы 10 мамырда, 5 сәуірде Алматы қаласында «KTZ Express» АҚ филиалы - «KTZE Commerce» және қытайлық жетекші компаниялардың бірі Xinjiang Yinzhou Hantang Trading Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум іске асыру шеңберінде, Қазақстаннан Үрімші (ҚХР) қаласына тез бұзылатын тауарларды одан әрі тиеу және тасымалдау мақсатында алғашқы жүк көліктері жөнелтілді. 

Бұл ынтымақтастық сауда мүмкіндіктерін кеңейтуге, іскерлік қарым-қатынастарды тереңдетуге және неғұрлым тиімді логистика құруға бағытталған Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылын дамытудың жаңа кезеңді куәландырады.

Естеріңізге сала кетсек, Меморандум Қытайдан Қазақстанға, ЕАЭО елдеріне және кері бағытта жеткізуді бірлесіп ұйымдастыру аясында ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

«KTZ Express» АҚ «KTZE Commerce» филиалы мен Xinjiang Yinzhou Hantang Trading Co., Ltd. бірлескен жұмысы тауарлардың экспорты мен импорты үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыруға және шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі