Қазақстан теміржолшылары үш тәулікте 7 мың текше метрден астам қар тазалады
23-12-2024
Үш тәулік ішінде 1125 шақырымнан астам жол қардан тазартылды. Теміржол инфрақұрылымынан 7200 текше метрден астам қар жиналды.
Қар шығару техникасы 28 рейс жасады. Пневматикалық үрлеу жүйесінің көмегімен теміржолшылар бағыттамалық бұрмаларды, сондай-ақ техника бара алмайтын басқа да қиын учаскелерді тазартты.
Темір жолдарынан қарды уақтылы тазарту қыста пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі