«Қазақстан темір жолы» мен «Үрімші темір жолы» екі елдің көлік инфрақұрылымын дамытуды талқылады

Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» мен «Үрімші темір жолы» екі елдің көлік инфрақұрылымын дамытуды талқылады




05.09.2023

5 қыркүйекте Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Үрімші темір жолы» ЖШҚ басшылығының кездесуі өтті. Тараптар жүк тасымалы және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

ҚР мен ҚХР арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың оң динамикасы атап өтілді. 2022 жылы рекордтық нәтижеге – 23,2 млн тоннаға қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың 8 айында жүктерді тасымалдау көлемі 18,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% артық.

Өсіп келе жатқан жүк ағынын қамтамасыз ету үшін екі елдің теміржолшылары инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыру жобаларын іске асыруда. ҚТЖ Достық – Мойынты учаскесінде екінші желіні белсенді салуда. Жоспарда  Бақты–Таченнің үшінші шекаралық өткелін және Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақтаарал, Алматының айналма жолының жаңа теміржол желілерін салу. Қытай тарапы Алашаңқай станциясы мен Алашаңқай – Цзинхэ учаскесін қайта жаңартуда.

Кеңеске қатысушылар екі елдің көлік инфрақұрылымын синхронды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі