Қазақстан мен Қытай арасында жүк пойыздарының тәуліктік алмасуы айтарлықтай өсті

Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасында жүк пойыздарының  тәуліктік алмасуы айтарлықтай өсті 
 




23-04-2024

20 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекаралық - Достық станциясында 38 пойыз алмасылды. ҚХР – ға 20 пойыз беріліп, 18 құрам қабылданды. Экспорттық-импорттық қатынастарда жүктердің тәуліктік берілуі 59,7 мың тоннадан асты.  

Рекорд Қытай темір жолы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің және Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы орталығының мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында орнатылды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі