Қазақстан мен Тәжікстанның темір жол әкімшіліктері ынтымақтастық туралы уағдаласты

Жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстанның темір жол әкімшіліктері ынтымақтастық туралы уағдаласты




23-08-2024

Мемлекет басшысының Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» мен «Рохи охани Точикистон» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум екі елдің темір жолдары арасындағы қалыптасқан өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Құжат тараптардың жүк тасымалдауын ұйымдастыру, терминалдық қуатты дамыту, сыртқысауда операцияларын жеңілдету және т.б. бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындығын көздейді.

Соңғы үш жылда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі оң динамика көрсетті. Жылдық өсім орта есеппен 7% немесе 0,28 млн. тоннаны көрсетіп отыр.

Осы жылдың 7 айында елдер арасындағы жүк тасымалы 2,8% өсіп, 2,755 млн тоннаны құрады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі