Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдермен танысты
06-02-2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ кеңсесінде болып, олардың назарына теміржол саласындағы озық цифрлық шешімдер ұсынылды.
Сапар барысында премьер-министрлер рәсімдерді жеңілдетуге және логистиканың ашықтығын арттыруға бағытталған "Бірыңғай цифрлық терезе" және "ақылды" теміржол көлігі жүйесінің жұмысымен танысты.
Қазақстан мен Грузия транзиттік тасымалдардың өсуіне және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) нығайтуға бағытталған өздерінің теміржол әкімшіліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда.
ТХКБ бойынша транзитті ұйымдастыруда шешуші рөл атқаратын терминалдық инфрақұрылымды кешенді дамыту стратегиясы шеңберінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ транскаспий саудасы үшін маңызды транзиттік пунктке айналатын Анаклия (Грузия) портында өзінің терминалдық қуаттарын кеңейту мүмкіндігін қарастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі