Қазақстан мен Беларусь арасындағы жүктерді темір жолмен тасымалдау көлемінің өсуі байқалды

Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь арасындағы жүктерді темір жолмен тасымалдау көлемінің өсуі байқалды




05-02-2025

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компания басшылығының "Беларусь темір жолы" мемлекеттік бірлестігінің бастығы Валерий Вереничпен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында тараптар ҚТЖ терминалдық желісін дамыту, логистикалық процестерді оңтайландыру, ынтымақтастықты нығайту және тағы басқа да мәселелерді талқылады.

Екі ел арасында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің өсуі байқалды - 2024 жылы 7,4 млн тонна тасымалданды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 9,8% жоғары. Елдер арасындағы тасымалдардағы негізгі үлес транзиттік тасымалдарға тиесілі.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі