Қазан айының бірінші аптасында Ақмола бөлімшесі 88 мың тоннадан астам астық тиеді

Жаңалықтар

Қазан айының бірінші аптасында Ақмола бөлімшесі 88 мың тоннадан астам астық тиеді




08-10-2024

Ағымдағы жыл қазан айының алғашқы 7 күнінде Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 30 астық маршруттық құрамы жөнелтілді. Оның 27-сі экспортқа, қалғаны елдің оңтүстік өңірлеріне бағытталды. 

Қазан айында астықтың жалпы тиелуі 88 мың тоннадан асты. Оның 75 мың тоннадан астамы Орталық Азия, Иран, ҚХР және Ауғанстан елдеріне жөнелтілді. 250 астам жабық вагон мен 1,2 мыңнан астам астық тасымалдаушы тартылды. 

Ақмола бөлімшесі жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде қамтамасыз етуде. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі