Ағымдағы жылы теміржолшылар үшін 380 астам автокөлік сатып алынды
25-12-2023
Теміржолшыларға жаңа авто көліктер: 92 мамандандырылған жүк, 142 жүкті-жолаушылық және жолаушылар, 62 автобус, 88 өтімділігі жоғары көліктер сатып алынатын белгілі болып отыр. Әзірге бірінші партиямен 40 авто көлік жеткізілсе, соның онының кілті табысталды. Олар компанияның желілік бөлімшелеріне таратылады.
2023 жылы Магистральдық желі дирекциясы жұмысшылар үшін ең қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасады. Жол шаруашылығындағы өндірістік процестерді жеңілдету үшін шағын механикаландыру құралдары: 2360 астам домкрат, 165 бұрандашеге тегір қатырғысы, 436 тегістегіш, 240 электрошпалұрғышы және т.б. сатып алынды. Арнайы техника паркі 4 тиеу-тасымалдау мотовозымен және жүк көтергіштігі 150 тоннаға дейінгі кранмен толықтырылды.
Теміржолшылардың толыққанды жұмыс істеуі үшін ғана емес, демалуы үшін де жағдай жасалуда. Еліміз бойынша темір жол бойындағы аралықтарда жылыту пункттерімен жабдықталған 1224 контейнер орнатылды. Шалғайдағы станциялар мен разъездерге жұмыс істеуге шығатын теміржолшылардың тұруы үшін модульдік үйлер салынуда. Оларда Алматы станциясындағы жағдайдан бастап оларда қажетті нәрсенің бәрі бар, деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
Жұмысшыларды жұмыс орындарына жеткізуге және аспаптарды тасымалдауға арналған он автомашина Алматы өңірінің жол монтерлерінің, байланысшылары мен энергетиктерінің иелігіне келіп түсті. Тағы 30-ы оңтүстік аймақтың басқа теміржол кәсіпорындарына жіберіледі. Бұл – автокөліктің бірінші партиясы. Биылғы жылы әр түрлі ауа баптағышы пен ыдыс-аяғы бар барлығы 384 авто көлік сатып алынды. Биыл компания 132 модульдік ғимараттарды да сатып алды. 2024 жылы тағы сол көлемде орнатылатын болады.
Теміржолдағы жаңартуды сала ардагерлері мен жұмысшылары жоғары бағалады.
Теміржолда 40 жыл жұмыс істеген сала ардагері Талғат Еспанов техника мен шағын механикаландыру құралдарын жаңартудың маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа машиналар теміржолшыларды өндірістік жұмыс орнына жеткізуді, ал шағын механикаландыру жолшылар жұмысын жеңілдететінін атап өтті.
- Мұндай түсім көптен бері болған жоқ. Алынған машиналар өте ыңғайлы, оларды жұмыс орнына жол монтерлерінің бригадасына жеткізуге және шпалдарды, рельсті кескіш станоктарды және басқа да құралдарды тасымалдауға болады. Олардың өтімділігі жақсы, кабиналары жылы, ауа баптағыштары және бейнетіркеу камералары бар, - деп Алматы жол дистанциясының жүргізушісі Руслан Қарабеков өз әсерімен бөлісті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі