Ауғанстан қазақстандық астықты қабылдауды арттыруға дайын

Жаңалықтар

Ауғанстан қазақстандық астықты қабылдауды арттыруға дайын




05-11-2024

ҚТЖ-да  Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кездесуге "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ өкілдері қатысты. 

Қатысушылар Серхетабат (Түрікменстан) – Торгунди (Ауғанстан) шекара өткелдері арқылы Ауғанстанға астық тасымалдау мүмкіндіктерін талқылады. Ауғанстан шамамен 200 мың тонна астық өнімдерін қабылдауға дайын. Сондай-ақ Түркіменстан Көлік министрі орынбасарымен Түркіменстан аумағы бойынша тиелген және бос вагондардың жүру жылдамдығын арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. 

Ағымдағы жылдың қазан айында Орталық Азияға астық тасымалдау 43%,  615 мың тоннаға дейін өсті. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі