Ауа-райының қолайсыздығына және жолдардың жабылуына байланысты тас жолда қалып қойған азаматтарды пойыздармен алып кетеді

Жаңалықтар

Ауа-райының қолайсыздығына және жолдардың жабылуына байланысты тас жолда қалып қойған азаматтарды пойыздармен алып кетеді




08-01-2024

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысының Республикалық маңызы бар жолдың төрт учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Осыған байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да басқа көлікпен бара алмаған азаматтарды пойызбен әкету туралы шешім қабылданды. Мәселен, Қарағандыдан елордаға №43 «Алматы – Қостанай», №53 «Достық – Астана», №121 «Семей – Астана» және №45 «Түркістан – Астана» жолаушылар пойыздарымен кетуге болады.


Бұдан басқа, Ерейментаудан елордаға дейін №7501 «Павлодар – Астана» қала маңы электр пойызына жолаушыларды отырғызу қамтамасыз етіледі.
Барлық жолаушыларға қажетті көмек көрсетіледі.


Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойыздары ауа-райының қолайсыздығы кезінде азаматтарға үнемі көмек көрсетіп келеді.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан  және билет кассаларында сатып алуға болады.


Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.


Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қолайсыз ауа-райында сапарлаудан бас тартуды сұраймыз.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі