Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолда қалған азаматтарды пойызбен тасымалдау жүргізілуде

Жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолда қалған азаматтарды пойызбен тасымалдау жүргізілуде




14-01-2024

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана-Павлодар, Есіл-Атбасар және Көкшетау-Астана учаскелеріндегі тас жолдарында шектеулер енгізілді. Осыған байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ келесі станциялардан жолаушыларды отырғызу жүзеге асырылатынын хабарлайды:
- Шідерті станциясынан Астанаға дейін №7501 Нұр-Сұлтан-Павлодар пойызы; 
- Бурабай курорты станциясынан Астанаға дейін №6830 Көкшетау-Ерейментау пойызы;
- Бурабай курорты станциясынан Астанаға дейін №056 Көкшетау-Қызылорда пойызы;
- Бурабай курорты станциясынан Астанаға дейін №7508 Көкшетау-Нұрсұлтан-Нұрлы Жол пойызы.
 
«Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтардан ауа райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «Ktzh_pp_bot» Телеграм боты арқылы алуға болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі