Астана – Қарағанды учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар

Астана – Қарағанды учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде




20-11-2023

16 қараша сағат 12-ден 50 минут өткенде Ақмола облысының Астана – Қарағанды учаскесінде жүк пойызының жүрісі кезінде вагондардың рельстен шығуына жол берілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздардың кешігуі орын алған жоқ. Пойыздар қозғалысы көрші жолмен жүреді.

Астана және Қарағанды станцияларынан апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі