Ашықтық, айқындық және есептілік

Жаңалықтар

Ашықтық, айқындық және есептілік




24-04-2024

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компанияның 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша магистральдық теміржол желісінің, кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну және табиғи монополиялар саласындағы электр энергиясын беру бойынша және 2024 жылға арналған негізгі міндеттер туралы қоғамдық тыңдаулар болып өтті. Тыңдаулар компанияның орталық кеңсесінде, оның ішінде онлайн-трансляцияны ұйымдастырумен жүргізілді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеровтың төрағалығымен өткен іс-шараға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, қызмет тұтынушылары қатысты.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Александр Кирович баяндамада субъект туралы жалпы ақпаратты, магистральдық теміржол желісіне қызмет көрсету саласындағы жұмыс нәтижелерін ашып көрсетті. Көрсетілген қызметтер көлемі мен сапасы, инвестициялық бағдарламаны іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары, тарифтік сметаның баппен орындалуы, сондай-ақ қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып берді.

Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріндегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 209 834 млн.т-км құрады. Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен табыс 474 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. 2023 жылы магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялардың жалпы көлемі - 130 млрд. теңге.

Компания үлкен жұмыс жүргізді және күрделі жөндеуді қажет ететін жол километрлерінің көлемін азайтудың оң қарқынына қол жеткізді. Алайда, оны одан әрі төмендету үшін одан да көп жұмыс істеу керек. Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті

Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру  жөніндегі  және жолды жөндеу көлемін 2029 жылға дейін жыл сайынғы өсім деңгейіне жеткізу бойынша іс-қимыл жоспары бекітілді.

Инфрақұрылымның "тар" жерлерін жою жөніндегі бағдарлама әзірленді. Достық -Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынуда. Жаңа теміржол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды:  Бақты - Аягөз, Дарбаза - Мақтаарал, Алматы торабының айналасындағы айналма тармақты іске асыруға пәрмен берілді.

Магистральдық желі дирекциясы бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі бағдарлама іске асырылуда.

Кірме жолдарды ұсыну, электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ  - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов есеп берді.

Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының "Инфрақұрылым" бөлімінде орналастырылған.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі