Арыс – Түлкібас учаскесінде пойыздар мен автомобильдер қозғалысына қауіп жоқ

Жаңалықтар

Арыс – Түлкібас учаскесінде пойыздар мен автомобильдер қозғалысына қауіп жоқ




04.03.2024

2024 жылғы 3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай – Манкент аралығының Арыс – Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Орын алған жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ, пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ.

20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты.

Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі