Ақмола облысы әкімдігінде туризмді дамыту мен теміржол тасымалын ұйымдастырудағы өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері талқыланды

Жаңалықтар

Ақмола облысы әкімдігінде туризмді дамыту мен теміржол тасымалын ұйымдастырудағы өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері талқыланды




12-08-2024

ҚТЖ және Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы өңірдегі туризмді дамыту перспективаларын және жүктерді, оның ішінде биылғы астықты теміржол арқылы тасымалдау мәселелерін талқылады. Кеңеске өңірдегі ірі кәсіпорындар басшылары, жүк жөнелтушілер мен экспорттаушылар қатысты. 

2024 жылдың жазғы маусымында Бурабай курорты бағытында теміржол арқылы тасымалданған жолаушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% өсті. Астанадан курортқа дейін электр пойызымен жүру уақыты 4-тен 2,5 сағатқа дейін қысқарғаны атап өтілді. Жазғы кезеңде "Павлодар – Астана" электр пойызының Бурабай курорты станциясында аялдамасы бар Көкшетауға дейінгі бағыты ұзартылды. Биыл осы бағытта барлығы 168 мың жолаушыны теміржол арқылы тасымалдау жоспарлануда. 
 


Теміржолшылар жұмыстың тиімділігін арттыру және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында "Ерейментау – Астана – Көкшетау", "Астана – Бурабай курорты" жаңа электр пойыздарын іске қосу жоспарлануда, олардың құрамында барынша жетілдірілген және жайлылығы жоғары вагондар жүретін болады (биодәретханалармен,  тартылмалы қосымша баспалдақтармен, ауа баптағыштармен және т. б.). 

ҚТЖ үшін әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау басымдықты болып қала береді. Ақмола өңірі – астық және ұнтақ өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі және еліміздегі ең ірі астық экспорттаушы. Жыл басынан бері Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 3,4 млн тоннадан астам жүк тиелді, оның ішінде экспортқа 2,3 млн тоннасы жөнелтілді. Астықты жеткізу алдын ала әзірленген маршруттар бойынша жүреді. 

Өңірдің жүк жөнелтушілерін вагондармен қамтамасыз ету мәселесі ҚТЖ-ның ерекше бақылауында. Кеңесте тасымалдау процесіне қатысушыларға тасымалдауды уақтылы жоспарлауды, вагондарды түсіру мен тиеуді қамтамасыз ету ұсынылды. 

Кездесу соңында ҚТЖ басшылығы кеңеске қатысушыларға теміржол көлігі мәселелеріндегі сындарлы диалог пен өзара іс-қимыл үшін алғысын білдірді. Бірқатар жүк жөнелтушілер Қазақстанның теміржол саласының 120 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі