Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ақмола бөлімшесінде астықты жөнелтудің барлық мәселелері жедел шешімін табуда




04-10-2024

Ағымдағы жыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша  Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша астық тиеу 419,6 мың тоннаны құрады. Астықтың шамамен 84% Орталық Азия, Иран, КХР және Ауғанстан елдеріне, 16,3% астамы елдің оңтүстік өңірлеріне жөнелтілді. 85 астық маршруттық пойыз құрылып жөнелтілді, оның ішінде 83 құрам экспортқа бағытталды.

Астық жабық вагондарда, астық тасушылармен жеткізілді. Жүк жөнелтушілердің вагондарға деген өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етілді. 

Ақмола ЖТ бөлімшесінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды. Астық штабының отырыстары күн сайын барлық қатысушылармен және жергілікті атқарушы органдармен өткізіледі, онда жүк жөнелтушілер мен алушылардың астығын тиеп жөнелту бойынша туындайтын барлық мәселелер жедел тәртіппен шешіледі. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі