Қалпына келтіру пойыздары Шоқай - Ақтасты аралығына жөнелтілді
16-01-2024
Ағымдағы жылдың 12 қаңтары сағат 9-дан 43 минут өткенде Шоқай - Ақтасты аралығында жүк пойызы вагондарының рельтен шығып кетуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Қарағанды және Астана станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілді.
Жолдан шығудың алдын-ала себебі-жеке вагонның доңғалақ жұбы осінің сынуы.
Вагондардың жолдан шығып кетті себебін анықтаудағы тексерулерді ҚТЖ арнайы комиссиясы жүргізеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі