Алматы облысында айналма жолдың алғашқы рельстері салынды

Жаңалықтар

Алматы облысында айналма жолдың алғашқы рельстері салынды 




05-12-2024

Жетіген станциясында Алматыны айналып өтіп салынып жатқан теміржол желісінің рельс-шпалдық торын төсеу басталды.

Бұл өңірдің дамуына және елдің көлік-транзиттік әлеуетіне әсер ететін ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Жаңа тармақ Алматы торабының жүктемесін 40% -ға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.
 


Бүгінгі таңда 60 шақырым рельс-шпалдық тор жиналып, төселуге дайын. Жолшылар үшін плацдармды қамтамасыз ету үшін механизаторлар жер жұмыстарының 80% -ын орындады. Бір мезгілде көпірлер салынып және су өткізу құбырлары орнатылуда.

Жоба бойынша барлығы 74 жасанды құрылыс қарастырылған.

Нысанда 600-ге жуық адам жұмыс істейді және 230-дан астам түрлі техника тартылған.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі