Абай облысының теміржолшылары мен жүк жөнелтушілері тасымалдаудың өзекті мәселелерін талқылады

Жаңалықтар

Абай облысының теміржолшылары мен жүк жөнелтушілері тасымалдаудың өзекті мәселелерін талқылады  




29-08-2024

Абай облысында ҚТЖ басшылығы мен өңірдің жүк жөнелтушілерінің қатысуымен кеңес өтті. Күн тәртібінде ішкі нарық үшін тасымалдарды үздіксіз қамтамасыз ету және экспорттық бағыттардағы тасымалдарға сұранысты қанағаттандыру мәселелері тұрды.

2024 жылдың 7 айында Абай облысы бойынша жүк тиеу 6,1 млн тоннадан асты. Облыс ішінде теміржол көлігімен тасымалдау 4%, яғни 4,8 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 1,3 млн тонна жөнелтілді. 

Кеңесте әкімдікпен бірлесіп ЖЭО мен тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша ҚТЖ жоспарлы жұмысы атап өтілді. Барлық ЖЭО-да қатты отынның қажетті қоры бар. Теміржолшылар қоймалардағы көмір қалдықтарына мониторинг жүргізуде.  

Осы жылдың 7 айында "Қаражыра" АҚ көмір разрезінің 3,3 млн тонна қатты отыны тиелді. Ел ішінде көмір тасымалдау 2%, яғни 3 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 340 мың тоннадан астамы жіберілді. Қаражыра кен орнының көмірі Өзбекстанға, Беларуське, Ресейге және Қырғызстанға жөнелтіледі. 

Дегелен – Ақсу-1 – Семей учаскесі бойынша теміржолшылар ауыр жүк пойыздарының тоқтаусыз өтуін ұйымдастырды, бұл локомотивтердің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік берді. 

Кеңеске қатысушылар жұмыстағы үйлесімділіктің маңыздылығын және тасымалдау процесін ұйымдастыруда бірлесіп үйлестіру қажеттігін атап өтті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі