7 мыңнан астам адам су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен шығарылды
11-04-2024
«Жолаушылар тасымалы» АҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуде. Елдің кейбір аймақтарында теміржол көлігі адамдарды тасымалдауға арналған жалғыз құрал болып есептеледі.
Су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен барлығы Қарағанды облысы бойынша – 250–ге жуық адам, Атырау облысы бойынша-6,8 мыңнан астам адам шығарылды.
Сондай-ақ, Балқаш қаласының тұрғындарын тасымалдау үшін «Балқаш-Қарағанды» қатынасындағы №606/605 пойызға бір реттік пойыздар мен қосымша вагондар енгізілді.
Атырау облысының тұрғындарын тасымалдау үшін «Атырау-Құлсары-Мақат» және «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша бір реттік пойыздардың жүруі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 20 рейс бойынша тұрғындарды тасымалдау жүргізілді.
Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы су тасқынына қарсы шараларға қатысатын әскери қызметшілерді, құтқарушыларды тасымалдауға жедел көмек көрсетуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі