№ 51/52 «Алматы-2 – Орал» жолаушылар пойызын ауыстыру

Жаңалықтар

№ 51/52 «Алматы-2-Орал» жолаушылар пойызының құрамы ауыстырылды




26-12-2023

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №51/52 «Алматы - Орал» Тальго жолаушылар пойызы ауыстырылғаны туралы хабарлайды.

26.12.2023 ж. Алматы станциясынан № 51/52 «Алматы-2-Орал» бағытын жөнелту жоспарланған болатын. Осы жолаушылар пойызында туындаған техникалық ақауларға байланысты №51/52 «Алматы-2-Орал» бағытының құрамын жаңа стандартты вагондардан құрылған жолаушылар пойызына ауыстыру туралы шешім қабылданды .

Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін ҚР темір жол көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес жолаушыларға жолаушылар поезын ауыстыру кезінде ақшалай қаражатты қайтару бойынша шаралар жүргізілетінін хабарлайды:

- жолаушылар пойызында ауыстырылған стандартты вагондарда жол жүрген жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленеді;
- жолаушылар пойызында ауыстырылған стандартты вагондарда жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүрудің толық құны қайтарылады.

Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі