№4«Астана-Алматы» жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

Жаңалықтар

№4«Астана-Алматы» жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады




09-07-2024

2024 жылы 9 шілдеде Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды. Жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тағайындалды.

Отар-Алматы бағыты бойынша стандартты вагондардан құралған ауыстырылған пойызды пайдаланған жолаушыларға жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді.

Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі