23-11-2023
Алдағы қыста темір жолдарды қардан тазарту үшін 281 бірлік мамандандырылған техника: қар тазалайтын және қардан аршу машиналары, роторлық қар тазалағыштар жұмылдырылады.
Барлық машиналар жоспарлы жөндеу түрлерінен өтті. Соңғы үш жылда рекордтық техникаға – 108 бірлікке жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық машиналар сынақтан өткізіліп, қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайын.
Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды тазалау және қалың қар мен боран кезінде тиімді пайдалану үшін арнайы техника темір жол желісіне ұтымды орналастырылған. Оның басым бөлігі Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей және Ақтөбе ерекше қарлы аймақтарында шоғырланған. Қар басып қалатын магистральдық желі бойынша енгізілген учаскелердің жалпы ұзындығы шамамен 2000 км құрайды.
Темір жолдарды қардан тазарту пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі