Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

2024 жылы 28 вокзал жөнделеді




17-01-2024

2024 жылы 28 вокзалда ағымдағы жөндеу жоспарланған. Инженерлік жүйелерді, кіру топтарын, шатырды, жолаушылар платформаларын және т. б. жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, Астана теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалатын болады.

Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарлануда. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады.

Инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі