2023 жылға арналған локомотив бригадаларының демалыс үйлерін жөндеу бағдарламасы орындалды
17-01-2024
Өткен жылы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Пресногорьковская, Жаңа Есіл, Көкшетау, Бурабай курорты, Қызылту, Астана, Ақсу-1, Екібастұз-1, Ақбидайық, Ерейментау, Үшқұлын, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Алтай, Риддер, Құмыстау, Семей, Шар, Дегелен, Бескөл, Сарыөзек, Шелек, Сарышаған, Шу, Арыс, Сарыағаш, Қызылорда, Сексеуіл, Қазалы, Шиелі, Ақтөбе, Никельтау, Айтике би, Құлсары, Мақат, Маңғыстау станцияларында локомотив бригадаларының 38 демалыс үйіне ағымдағы жөндеу жүргізді.
Ағымдағы жөндеу демалушы локомотив бригадаларының қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілді. Жөндеу барысында инженерлік желілерді монтаждау және қайта монтаждау, терезелер мен есіктерді ауыстыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ғимараттардың шатыры мен қасбеттері жөнделді, қызметтік үй-жайлар: асханалар, кір жуатын орындар, жуынатын бөлмелер және душ бөлмелері жаңартылды. Жөндеу жұмыстары құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілді, қолданылатын материалдардың сапасы техникалық ерекшеліктердің талаптарына жауап береді. Жөндеуден кейін үйлерде машинистер мен олардың көмекшілерінің демалуы үшін жайлылық пен қолайлылық жасалды, бұл олардың өнімді жұмысының кепілі.
2023 жылы демалыс үйлерін жөндеу жұмыстарына 778 млн теңгеден астам қаражат бағытталды.
Сарыөзек станциясындағы демалыс үйін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ауданы 552 шаршы метрден асатын ғимараттың бірінші блогы бөлшектеліп, ғимараттың екінші (ауданы 84, 5 шаршы метр) және үшінші (739, 2 шаршы метр) блоктары жөнделді. Іргетас құрылымдары нығайтылып, шатыры, терезелер мен есіктер, еденнің ағаш негізі алынып тасталды.
Дәліздер мен сантехникалық бөлмелерде керамикалық плиткалар, демалыс бөлмелерінде ламинат төселген. Инженерлік желілерді ауыстыру (жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электр қуаты), қасбеттің қабырғаларын сәндік сылау жүргізілді. Жылу шығынын болдырмау үшін демалыс үйінің ғимаратына жаңа қазандық қосылды, онда қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін екі қазандық орнатылды. Аумақты абаттандыру және қоршау аяқталуда.
2023 жылдың соңында Атбасар, Есіл, Арқа, Ақадыр, Қызылжар, Мойынты, Отар, Достық, Матай, Орал, Қандыағаш, Жем, Атырау, Ганюшкино, Сағыз, Бейнеу станцияларындағы 16 демалыс үйін күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасалды.
Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғимараттарды жоспарланған жөндеу "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС-нің 2024 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына енгізілетін болады. Бұл нысандарды күрделі жөндеуге шамамен 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі