20 сәуірде медициналық пойыз Қазақстан өңірлеріне жолға шығады

Жаңалықтар

20 сәуірде медициналық пойыз Қазақстан өңірлеріне жолға шығады




11-04-2024

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева «Медициналық пойыздар» жобасы бойынша жауапкершілікті күшейту мен байланысты нығайту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 

«Құжатта қос жақтың жауапкершілігін нығайту, ынтымақтастық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету сияқты мәселелер қаралған. Өткен жылы медпойыз 121 станцияны араласа, биыл ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 140 шалғай елдімекендегі  азаматтарға тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева. 

Осылайша Министрлік құрамды білікті мамандармен, талапқа сай құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, оларды тұрақты түрде назарында ұстаса, Қор жалпы жобаны, пойыздың үздіксіз қатынауын үйлестіріп, Ұлттық комиссия ұсынысымен заңгерлер жұмысын қарастырады.

Осылайша биыл «Жәрдем» медициналық пойызы арқылы 20 сәуірден желтоқсан айына дейін 90 мың ауыл тұрғыны 1 миллион емдік-кеңес беру қызметін ақысыз алады деп күтілуде. 

Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе 8 71 72 604599, 8 775 142 66 82 нөмірлерінен білуге болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі