14 бағыт бойынша билеттерді жеңілдікпен «Саяхатшы» дисконттық картасы арқылы сатып алуға болады
20-05-2024
Жаз мезгілі демалыс күндерге толы болғандықтан Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жеңілдік карталарын пайдалануды ұсынады.
«Саяхатшы» жеңілдік картасы пойыздарда жиі жүретіндер жолаушылар үшін тиімді. Жеңілдік мөлшері жолаушыға соңғы 12 ай ішінде жасалған барлық сапарлар үшін есептеледі. 20% жеңілдік алу үшін жолаушылар пойыздарындағы сапарлардың жалпы құны 200 001 теңгеден жоғары, 15% - 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, ал 10% - 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін болуы тиіс.
Бұл карта арқылы келесі коммерциялық және әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен билет сатып алуға болады:
- №1/2 Алматы-Сарыағаш;
- №3/4 Астана-Алматы;
- №9/10 Астана-Алматы;
- №11/12 Алматы-Шымкент;
- №25/26 Алматы-Шымкент;
- №27/28 Алматы-Орал;
- №29/30 Алматы-Атырау;
- №31/32 Алматы-Павлодар;
- №41/42 Алматы-Атырау;
- №68/67 Астана-Өскемен;
- №71/72 Астана-Шымкент;
- №73/74 Алматы-Жезқазған;
- №86/85 Астана-Шымкент;
- №65/66 Астана-Жезқазған.
Карта тегін беріледі және оның жарамдылық мерзімі екі жыл. Оны теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ, bilet.railways.kz сайттындағы «Дисконттық карталар» бөлімінде көрсетілген өтінімді толтыру арқылы алуға болады.
Өтінім жібергеннен кейін дисконттық картаны теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алу қажет. Ол үшін жеке куәлікті, электрондық пошта мекенжайын және телефон нөмірін ұсыну қажет. Билеттерді офлайн және онлайн сатып алу кезінде дисконттық картаны пайдалануға болады.
Карта тек бір адамға рәсімделеді және оны бөгде адамдарға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, айырбастауға, қайтаруға және қалпына келтіруге болмайды.
Одан бөлек Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттерін сатып алу кезінде 25% жеңілдік алуға мүмкіндік беретін «Алтын», «Күміс» және «Жастар» дисконттық карталарының желісін ұсынады.
Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және bilet.railways.kz сайты арқылы алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі