Годунова Наталья Николаевна
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1972 жылғы 24 мамыр
Білімі:
- 1993 ж. - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты
- 2011 ж. - Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті
Еңбек қызметі:
- 11.2022 – 04.2024 жж. – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
- 02.2018-11.2022 жж. – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы
- 12.2017-02.2018 жж. – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
- 12.2015-12.2017 жж. – «Нұр Отан» партиясының хатшысы
- 03.2013-12.2015 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
- 11.2012-02.2013 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі
- 03.2009-10.2012 жж. – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары
- 07.2006-01.2009 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі
- 05.2005-06.2006 жж. – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің кеңесші-экономисі
- 01.2005-05.2005 жж. – Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
- 06.2004-12.2004 жж. – Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бастығы
- 07.1998-06.2004 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімінің аға референті, бас маманы, бөлім меңгерушісі, экономика бөлімінің меңгерушісі
- 01.1997-07.1998 жж. – Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары
- 06.1993-12.1996 жж. – Батыс Қазақстан «Агроөнеркәсіпбанкте» экономист
Компанияның, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ