Қазақстан темiр жолы

Директорлар кеңесінің құрамы

Басты бет Корпоративтік басқару Директорлар кеңесінің құрамы

 

Рахметолла Әнуәрбекұлы Құдайбергенов

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі

 

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1978 жылғы 28 мамыр
 

 

Білімі:
 

Бір орта арнаулы (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Павлодар монтаж колледжі) және үш жоғары білімге ие (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Халықаралық бизнес университеті). Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA).

 

Жұмыс тәжірибесі:
 

Көлік және логистика саласындағы кәсіби еңбек өтілі 22 жылдан астам. Еңбек жолын 2003 жылғы мамыр айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ-та Корпоративтік даму департаментінің контейнерлік тасымалдарды дамыту бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Корпоративтік даму департаментінің конъюнктуралық талдау және болжау бөлімінің бастығының орынбасары, маркетингтік зерттеулер бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Ақпараттық-талдау орталығы» құрамындағы Транскаспий теміржол магистралінің менеджері, Корпоративтік даму департаментінің корпоративтік даму басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2008–2010 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Еуропадағы ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдеріндегі өкілдігін (Украина, Киев қаласы) басқарды.

2010 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қазтеміртранс» АҚ-да тасымалдар маркетингі департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2013 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жүк тасымалдары маркетингі департаментінің директоры болып тағайындалды.

2015 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2016 жылы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ға стратегиялық мәселелер жөніндегі Президенттің кеңесшісі ретінде шақырылды.

2018 жылдың 1 наурызында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы (атқарушы орган) болып сайланды.

2021 жылдан 2025 жылға дейін жекеменшік логистикалық компанияларда («Tranco» АҚ, «First Multimodal Company» ЖШС, «EVS Cargo» ЖШС (EVS Cargo)) басшылық қызметтерді атқарды.

2025 жыл қазан – 2026 жыл шілде - «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және коммуникация департаментінің директоры.
 

Компанияның, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ