Басқарманың құрамы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Туған күні: 1987 жылғы 1 сәуір
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
2008 – Мәскеу физика-техникалық институты (Мәскеу қ., Ресей) «Қолданбалы математика және физика» мамандығы бойынша.
2010 жылы сол институтта «Қолданбалы математика және физика» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі:
Елжас Мұратұлы еңбек жолын 2007 жылдың қазан айында Ernst & Young (Мәскеу қ., Ресей) талдаушысы ретінде бастады. 2009 – 2012 жылдар аралығында «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, кейін директоры болып жұмыс істеді. 2012 – 2019 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының инвестициялық блогында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2019 – 2023 жылдары жеке холдингтік компанияларда, сондай-ақ KIDF тікелей инвестиция қорының басқарушы компаниясында басшылық лауазымдарда болды.
2023 жылғы сәуір – 2025 жылғы сәуір – «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры.
2025 жылғы сәуір – 2026 жылғы шілде – «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2026 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.