Басқарманың құрамы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Туған күні: 28.07.1964
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі, оның ішінде негізгісі және қосымшасы:
1998–2001 жж. — М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Локомотивтер» мамандығы, инженер-механик біліктілігі;
2003–2006 жж. — Қазақ қатынас жолдары университеті, техника ғылымдарының кандидаты;
2017–2021 жж. — Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Іскерлік әкімшілендіру докторы — Doctor of Business Administration (DBA).
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1982 жылғы шілде айында Алматы темір жолының Аягөз қаласындағы 10-локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастады.
1982 жылғы қарашадан 1985 жылғы қарашаға дейін Әскери-теңіз флотында қызмет атқарып, дизельді сүңгуір қайықтардың кеме электр жабдықтары бөлімшесінің командирі лауазымын атқарды.
1985–1994 жылдары Аягөз қаласындағы 10-локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі және тепловоз машинисі болып жұмыс істеді. 1994–1995 жылдары — локомотив бригадаларының машинис-нұсқаушысы.
1995 жылғы желтоқсаннан бастап Шар, Аягөз пайдалану локомотив деполарында және Семей темір жолында басшылық лауазымдарды атқарды.
2000 жылдан — Аягөз пайдалану локомотив депосының бастығы, ал 2002–2013 жылдары «Локомотив» АҚ филиалының («Аягөз пайдалану локомотив депосы») директоры болды.
2013 жылдан бастап «Локомотив» АҚ-да атқарушы директор, вице-президент, президенттің міндетін атқарушы қызметтерін атқарды, ал 2015–2016 жылдары компанияны президент ретінде басқарды.
2016–2018 жылдары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-да жылжымалы құрам, техникалық саясат және операциялық қызмет жөніндегі вице-президент лауазымын атқарды.
2018 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да еңбек етіп, департамент директоры қызметінен басқарушы директорға және Басқарма Төрағасының орынбасарына дейінгі қызметтік жолдан өтті. Қазіргі уақытта (2025 жылғы қазан айынан бастап) — «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Қоса атқаратын лауазымдары: «Dosjan temir joly» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: жоқ.
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ