Қазақстан темiр жолы

Басқарманың құрамы

 

Главная страница Корпоративтік басқару Басқарманың құрамы

 

Кеулімжаев Серік Жеткергенұлы

 

Аппарат басшысы

 

Туған күні: 1966 жылғы 16 сәуір.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

 

Білімі, оның ішінде негізгісі және қосымшасы:

  • 1992 жылы Ростов халықтар достығы ордені медициналық институтын медициналық-профилактикалық іс, жалпы медициналық қызметті ұйымдастыру  мамандығы бойынша бітірген.
  • 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірген.
  • 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, корпоративтік басқарудың жоғары мектебін (DВА) бітірген.

 

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1993-1995 жылдары – «Price Waterhouse» консалтингтік компаниясының бас менеджері, консалтингтік компаниясы.
  • 1995-2004 жылдары – жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.
  • 2005 жылдан 2021 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
  • 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат басшысы.

 

Мемлекеттік және салалық наградалары:

  • «KAZENERGY» «Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» медалі (2009 ж.).
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011ж.).
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі (2016ж.).
  • «Қазақстандық салалық мұнай-газ кешені кәсіптік одағының» «Салалық кәсіпкерлікке сіңірген еңбегі үшін» медалі (2019ж.).
  • «Қазақстан мұнайына 120 жыл» медалі (2019ж.).

 

Қоса атқаратын лауазымдары: жоқ.

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі: жоқ.