Ақпараттық хабарлама (08.10.2025)
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға бағытталған «Қызылжар – Мойынты» жобасын іске асыру аясында Dongsung Engineering компаниясымен бірлесіп экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін хабарлайды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тиісті экологиялық және әлеуметтік есептер дайындалды.
Құжаттар пакеті
Ақпараттық хабарлама (28.04.2025)
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы айналма теміржолы» жобасына Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (AIIB) қаржы тарту шеңберінде халықаралық қаржы институттарының талаптарына сәйкес әзірленген материалдар топтамасын корпоративтік сайтта орналастырғанын хабарлайды.
Ақпараттық хабарлама (20.04.2022)
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында орналастырылған номиналды көлемі 50 миллиард теңгені құрайтын (ISIN: KZ2C00003564) Бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі Бірінші шығарылымның облигациялары бойынша жетінші купон үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,02% көлемінде белгіленгені туралы хабарлайды.
Ақпараттық хабарлама (12.04.2021)
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында орналастырылған номиналды көлемі 50 миллиард теңгені құрайтын (ISIN: KZ2C00003564) Бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі Бірінші шығарылымның облигациялары бойынша алтыншы купон үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,92% көлемінде белгіленгені туралы хабарлайды.