Қазақстан темiр жолы


Қызылорда теміржол вокзалы

 

Қызылорда темір жол вокзалында жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін төмендегідей қызмет көрсету аймақтары қарастырылған:

Билет кассалары. Билет кассаларының жалпы саны 3. Оның ішінде 1 касса кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектер үшін мамандандырылған.

Күту залдары. Вокзал бойынша бір қабатты вокзал ғимаратында орналасқан 2 күту залы бар.

Анықтама. Барлық анықтамалық бюросының саны - 1

Қол жүгін сақтау камералары. Барлық сақтау камераларының саны -1, үш қабатты ғимаратта орналасқан.

Ана мен бала қысқа мерзімде болатын бөлме (барлық саны - 1, үшінші қабатта орналасқан). Бөлме пеленальды үстелмен, кресломен, айнамен, қоқыс жәшігімен жабдықталған;

Барлық санитариялық талаптарға жауап беретін санитариялық тораптар. Жалпы пайдаланылатын орындардағы санитариялық тораптардың жалпы саны – 4, екі торапта шұғыл көмекті шақыру батырмаларымен жарақталған, кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған мамандандырылған жеке дәретхана бөлмелері бар.

Сауда бутиктері және қоғамдық тамақтану аймақтары. Вокзалда газеттер мен журналдардың, тамақ өнімдерінің, үйге арналған тауарлардың сауда бутиктері бар, банкоматтар мен терминалдар да орналасқан.

Демалыс бөлмесі - 3-ші қабатта орналасқан және 5 нөмірден тұрады, әрбір нөмірде орын саны екі-төрт. Ұсынылатын қызметтердің тізбесі, өртке қарсы нұсқаулығы және тұтынушы үшін мемлекеттік, орыс тілдерінде басқа да ақпараты бар. Екі санитариялық торап пен себезгі кабинкасы бар. Әрбір нөмір Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес өртке қарсы құралдармен жабдықталған, сондай-ақ бөлме есіктерінде ТЖ кезінде адамдарды эвакуациялау жоспарлары, схемалары орналастырылған.

Кітап оқитын азаматтардың санын арттыру мақсатында Қызылорда қаласында вокзалда QR-кодтары бар қоғамдық кітап шкафы орнатылды.