Қазақстан темiр жолы


Шу вокзалында бар сервистік қызметтер туралы ақпарат

 

Жолаушылар мен келушілерге сервистік қызмет көрсету үшін келесі қызмет көрсету аймақтары қарастырылған.

Билет кассалары: барлығы 4 билет кассасы, барлық билет кассалары вокзал ғимаратының 1-қабатында орналасқан. 4 билет кассасының 1-еуі кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектер үшін мамандандырылған болып табылады.

Күту залдары: вокзал ғимаратының 1-қабатында 80 орындықты кассалық күту залы және 100 орындықты 2-ші күту залы бар. Күту залдарында арбамен жүретін мүгедектерге арналған орындар қарастырылған.

Вокзалдың 1-қабатында анықтама бюросы, сақтау камерасы, медициналық пункт, санитарлық тораптар орналасқан.

Сауда бутиктері мен қоғамдық тамақтандыру аймақтары 1-қабатта орналасқан; галантереялық өнімдерді сату дүкені, төлем терминалдары, банкоматтар, баспа және баспасөз өнімдерін сату, ұялы телефондарға арналған керек-жарақтарды сату дүкені, 2-қабатта қоғамдық тамақтандыру пункттері орналасқан.

Транзиттік жолаушыларға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі вокзал ғимаратының 2-қабатында 10 бөлмеден тұрады (жалпы орын саны - 24), әр бөлмеде орын саны екі-төрт-алты орынды құрайды. Барлық бөлмелер ортопедиялық матрацтары бар кереуеттермен, ас ішуге арналған орындықтары бар үстелмен, киімге арналған шкафтармен, тумбочкалармен, теледидарлармен, климат-бақылаумен жабдықталған. Душ бөлмесі, кір жууға арналған бір кір жуғыш машина мен кір кептіргіші бар бөлме, кір үтіктеуге арналған бөлме және дәретхана бар. Сонымен қатар, келушілердің мүлкін сақтау үшін жеке заттарды сақтауға арналған шкаф бар. Демалыс бөлмесінде өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі бар, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, сондай-ақ демалыс бөлмесінің қабырғаларында ТЖ кезінде адамдарды эвакуациялаудың жоспар-схемасы орналастырылған.

Шу теміржол вокзалында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қызмет көрсету үшін мынадай жағдайлар көзделген:

күту залдарында арбадағы мүгедектерге арналған орындар қарастырылған(мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мүгедектер арбасы тегін беріледі);

анықтама бюросында нашар еститін жолаушыларға арналған арнайы индукциялық панель орнатылған;

зағип адамға зерттелетін кеңістік туралы алдын-ала ақпарат алуға мүмкіндік беретін тактильді мнемосхема;

тактильді жол;

вокзал ғимаратына кіру кезінде жәрдем көрсету үшін вокзал қызметкерлерін шақыру үшін шақыру түймесі бар;

пиктограммалар;

жету қиын жерлерде пандустар салынған (қала мен перрон жағынан, вокзал ғимаратының ішінде).

 

Қауіпсіздік:

Вокзал ғимараты мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ террористік актілерді болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шу вокзалында күзет бөлімшесінің қызметкерлері мен ЖІІБ қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылған:

автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі;

экран басқару пультіне шығарылған перрон вокзалы ғимаратын бейнебақылау жүйесі;

тексеру жабдығы орнатылды - 3 (үш) тексеру жабдығының жиынтығы, оның ішінде 2 (екі) қала жағынан және 1 (бір) перрон жағынан.